Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің облыстық ресурстық орталық маманы (Педагог-ассистент) Едіге Жұлдызайдың 5 “ә” сынып оқушысы Сейіткәрім Нұрисламға “Жыл мезгілдері” тақырыбында сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты:
• оқушыға жыл мезгілдерін таныстыру
• Жыл мезгілдерінің ерекшелігімен танысу
• Түстерді ажырату
• Қызықты тапсырмалар орындау
• Зейін мен табандылықты арттыру
•Пазл арқылы жыл мезгілдерін жинау
•Жыл мезгілдерін бояу
Күтілетін нәтиже:
• 3–5 минут бір тапсырмаға назарын шоғырландыра алады
•Түстерді ажыратып,бояйды
• Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктерімен танысады
• Карточкаларды, ұсақ заттарды дұрыс ұстап, орналастыра алады
• Тапсырманы орындау барысында қызығушылық танытады