2025 жылдың 7 ақпан күні Т.Есетов атындағы #264 мектеп - лицейінде «Цифрлық дәуірдегі қазақ тілі» онкүндігінің аясында «Жыл таңдауын бірге оқиық!» атты Т.Әлімқұлов пен Ж.Нәжімеденовтың шығармаларын талдауға арналған іс - шара болып өтті. Шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаілімдері К.Нурдавлатова мен Г.Байдилдаева ұйымдастырды.
Шараға 9 «Ә,Г,З,К» сынып оқушылары қатысты. Шараға директордың тәрбие ісі жқніндегі орынбасары Г.Киымов, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Мұратаева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.Тлемісова төрелік етті.
Шараның мақсаты: «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясына таңдалған көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың пен көрнекті ақын, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін Жұмекен Нәжімеденовтың өмірі мен шығармаларын оқыту , кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік - рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру.
Шара барысында оқушылар 3 топқа бірігіп, екі жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы өз білгендерімен бөлісті. Жазушылардың «Бір үзім нан», «Саржайлау», «Қараой» әңгімелері мен Ж.Нәжімеденовтың позиясынан да оқығандарымен бөлісті. «Менің Қазақстаным» әнінің шығу тарихымен таныстырды.
Екінші кезеңде авторлардың өмірі мен шығармашылығы бойынша берілген сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап берді. Бұл кезең оқушылар үшін қызықты әрі тартысты өтті.
«Ойна да ойла!» кезеңінде топ оқушылары «Қараой», «Бір үзім нан» әңгімесі бойынша платформа арқылы берілген сұрақтарға жауап беріп, өз топтарына ұпай жинады. Бұл кезеңде оқушылар өздерінің шығарманы қаншалықты түсінгендерін, бүгінгі өмірмен байланысын ашып, дәлелді жауаптар ұсынды.
Шара нәтижесінде Г.Киымов пен М.Мұратаева оқушылардың көркем шығарманы оқып, белсенді талдау жұмыстарына қатыса алғандарына алғыс білдіріп, қатысушыларды марапаттады.