Бүгін Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлының жүлдесі үшін “Сыр лигасы” жобасы аясында болған түрлі байқаулардың жеңімпаздарын, шараның өз деңгейінде өтуіне атсалысқан білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдерін, төрешілік жасаған ұстаздарды, білім бөлімі басшыларын, жыл қорытындысы бойынша «Үздік тәрбие орынбасарлары», «Үздік дене тәрбиесі әдіскерлері», «Үздік алғашқы әскери дайындық мұғалімдері», V - ші Қазақстан Мұғалімдерінің Республикалық Спартакиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Кеште жалпы 200 - ге жуық марапатталды.
Осы дүбірлі додада мектеп - лицейіміздің директоры Бек Сұлтанбекұлы Тумурзаев облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлының арнайы АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.
Осы үлкен жиында мектебіміздің жыл бойы жоғары жетістіктер көрсетіп жүрген бірнеше ұстазымыз да Облыстық білім басқармасының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Атап айтсақ,
Абдигапбаров Сабыр Абсаттарович - теннис төрешісі
Рзаев Бексултан Жамаладдинович - тоғызқұмалақ төрешісі
Мәму Ғасырхан Нурханұлы - футбол төрешісі.
Білім сапасына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы:
Қайрақбайұлы Нұрсұлтан,
Алмұрат Думан Рустемұлы,
Қаражан Думан Шоқанұлы,
Жарылқасынова Ақнұр Нұржановна,
Мүсілімов Бауыржан Амангелдіұлы
Серікқызы Назгүл,
Жұмаш Арман Ұласбекұлы.
Үздіктерге Алматы қаласындағы «Нұр әлем» шипажайына ЖОЛДАМА табыс етілді!
Ұстаз үшін еңбегінің еленіп, алғыс алудан артық құрмет жоқ. Осындай зор ілтипатқа ие болған ұстаздарымызды ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз! Абырой биігінде болыңыздар!