Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

09.09.2025 ж. күні мектебімізде «Тілдер мерекесіне» орай «Language is the Key to the World» атты 6-сыныптар арасында зияткерлік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тілге деген құрметін арттыру, көптілділік дағдысын дамыту, әр тілдің адамзат өміріндегі маңызын түсіндіру. 
Зияткерлік ойын барысында 6-сынып оқушылары үш тілде сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдерді аударды, сөзжұмбақтар шешіп, шығармашылық тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар  оқушылар патриоттық әндер орындап, күй тартты, әр елдің билерін билеп, өз өнерлерін көрсетті. Бұл іс-шараның мазмұнын байытып, олардың белсенділігін арттырды.
Іс-шараны ағылшын тілі пән бірлестігі ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді.
Іс-шара соңында жеңімпаз топтар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара өз мақсатына жетіп, оқушылардың тілге деген қызығушылығын, өнерге бейімділігін және патриоттық сезімін арттырды.
Орындаушылар: Туменбаева М, Құлжанова М, Сырлыбаева Аида, Абыл Г